«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ» ҚҚ БАЛАБАҚШАЛАРЫ

slide0slide1slide2slide3slide4slide5slide6slide7slide8slide9slide10slide11slide12

Қордың Миссиясы – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға қолдау көрсету.

2013-2017 жылдарға Қордың даму стартегияларының бірден-бір бағыты: инновациялық балабақшалардың желісін кеңейту, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ісі бойынша инновациялық бейім үлгісін жасау, сынаудан откізу және енгізу.

Қазіргі таңда Қордың қамқорлығымен бес балабақша қызмет етуде. Олардың екеуі Астана мен Алматы қалаларындағы 1999 жылы құрылған «Мирас» халықаралық мектептерінің құрамында болып Халықаралық Бакалавриаттың бастауыш мектеп бағдарламасын қолдануда. Олар Халықаралық Бакалавриат ұйымы мен Жаңа Англия Мектептері мен Колледждері Ассоциациясының аккредитациясынан өткен.

Қор үш дербес балабақшаның, яғни Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан «Мирас» балабақшаларының құрылтайшысы болып табылады. Балабақша Біріктірілген мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламасына сәйкес жұмыс жүргізеді, бұл бағдарлама  «Мектепке дейінгі білім беру мен оқыту» ҚР Мемлекеттік  жалпы  білім стандартына,  IB PYP ( Халықаралық  Бакалавриат Бастауыш мектеп Бағдарламасы)  және  педагогика – Монтессори  бағдарламасына негізделген.

Қор балабақшаларында барлығы болып 770 бала тәрбиеленуде.

Астана

1-ші желтоқсан 2004ж. ашылған

170 бала | 3 пен 7 жас аралығы

Қазақ және орыс тілдерінде тәрбиелеу топтары. Ағылшын тілі 3 жастан бастап үйретіледі

«Мирас» кіріктірілген бағдарламасы (ГОСО + PYP + Montessori)

Бассейн, Art орталығы, Библиотека, Қосымша қызмет

«Ақбұлақ-2» шағынауданы, 11 үй

Атырау

1-ші маусым 2014ж. ашылған

350 бала | 2 мен 6 жас аралығы

Екі тілді қазақ және орыс тілдерінде тәрбиелеу топтары. Ағылшын тілі 3 жастан бастап үйретіледі

«Мирас» кіріктірілген бағдарламасы (ГОСО + PYP + Montessori)

Қазақ мәдениеті орталығы, Хореография залы, Тіл орталықтары

«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

Алматы

1-ші қыркүйек 2014ж. ашылған

160 бала | 2 мен 6 жас аралығы

Екі тілді қазақ және орыс тілдерінде тәрбиелеу топтары. Ағылшын тілі 3 жастан бастап үйретіледі

«Мирас» кіріктірілген бағдарламасы (ГОСО + PYP + Montessori)

Бассейн, Монтессори орталығы, Art орталығы, Библиотека

Зенков к., 52 үй, Бөгенбай батыр к. қиылысы

Яндекс.Метрика